Жобалық іс-әрекет арқылы ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу мотивациясын арттырудың әдістемелік негіздері
Main Article Content
Abstract
Бұл мақалада ағылшын тілі сабақтарында жобалық іс-әрекетті қолданудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың оқу мотивациясын арттыру мәселесі ерекше маңызға ие, себебі жаһандану жағдайында шет тілін меңгеру тұлғаның дамуы мен қоғамға бейімделуінің маңызды шартына айналып отыр. Жобалық іс-әрекет – оқушыларды белсенділікке, шығармашылыққа, дербес ойлауға, жауапкершілікке тәрбиелейтін тиімді әдістердің бірі. Жобалық жұмыс барысында оқушы тек тілдік құзыреттілікті ғана емес, сонымен бірге функционалдық сауаттылықты, сыни ойлау дағдыларын, ынтымақтастық қабілетін меңгереді. Мақалада жобалық іс-әрекетті ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік аспектілері, оның мотивациялық әсері, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастырудағы орны талданады. Сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жобалық оқытудың тиімділігі дәлелденеді. Ғалымдар жобалық әдістің оқу процесінде кілттік құзыреттіліктерді дамытуға, метапәндік нәтижелерге қол жеткізуге және оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ашуға ықпал ететінін айтады. Осы тұрғыдан алғанда ағылшын тілі сабақтарында жобалық іс-әрекетті пайдалану оқушылардың оқу мотивациясын арттырудың пәрменді құралы ретінде қарастырылады. Мақала соңында жобалық әдісті қолданудың нақты тәжірибелік ұсыныстары беріледі.
Article Details
References
Богданова Е.С. Критерии оценки эффективности презентации проекта [Электронный ресурс] / Е.С. Богданова // Проблемы современного образования. – 2021. – № 5. – С.214-224.
Грищенко Л.М. Проектная деятельность учащихся как средство формирования ключевых компетенций [Текст] / Л.М. Грищенко // Региональная школа управления. – 2021. – № 6. – С.20-23.
Громова Л.А. Функциональная грамотность и проектная деятельность: зачем они школе? [Текст] / Л.А. Громова // Школьные технологии. – 2021. – № 3. – С.36-42.
Окуненко Л.А., Заплатина Е.А., Капшина Н.И. Проектная деятельность как средство формирования личностных УУД у художественно одаренных детей [Электронный ресурс] / Л.А. Окуненко, Е.А. Заплатина,
Н.И. Капшина // Педагогическое образование в России. – 2022. – № 2. – С.29-36.
Петунин О.В. Научно-исследовательская и проектная деятельность школьников как средство достижения метапредметных результатов обучения // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2015. – Т.13. – С.1871-1875. – URL: http://e-koncept.ru/2015/85375.htm
Тютюнникова С.В. Проектная и исследовательская деятельность как способ формирования метапредметных результатов обучения в условиях реализации ФГОС [Текст] / С.В. Тютюнникова // Практические советы учителю. – 2020. – № 10. – С.38-40.
