Химия сабағында зерттеушілік әдісті қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Main Article Content

Асқарбек Н.Б.
Сыдыкбаева С.А.

Abstract

Бұл мақалада автор 7–11-сыныптарға арналған химия сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың сабақта тиімді өзара әрекеттестігіне, оқу материалын табысты меңгеруге және білім сапасын үздіксіз арттыруға қалай ықпал ететінін қарастырады. Химиялық тәжірибелерді дайындығы әр түрлі деңгейдегі оқушылардың барлығы қызығушылықпен орындайтыны белгілі. Осы тұста мұғалім әр түрлі дайындық деңгейіндегі оқушыларға эксперименттік жұмыстарды ұсынарда баланың мүмкіндіктерін ескеруі және нәтиже деңгейін, жұмысты орындау қарқынын болжай алуы керек. Оқушының зерттеушілік дағдысын дамыту үшін таңдалынған зертханалық жұмыс оқушының қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек, себебі оқыту мен іс-әрекет тәсілдерін үйрену "жақын даму аймағында және қиындықтардың жеткілікті жоғары деңгейінде" іске асады. Сондықтан оқушылардың дербестігі мен шығармашылық ойлауын ынталандыратын зертханалық жұмыс нұсқаулығы дайындалды. Нұсқаулықта зертханалық жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеудің жалпы жоспары мен жауап табуға бағдарланған сұрақтар тізімі берілгендіктен оқушылар зерттеу жоспарын өз бетінше нақтылайды және зерттеу мақсатына жету үшін орындайтын қадамдарды таңдайды. Зертханалық жұмыс осылай ұйымдастырылған сабақта оқушылардың болжам жасау, зерттеуді жоспарлау және тәжірибені орындау барысында алынған дәректерді негізге ала отырып тиісті қорытынды жасау сияқты зерттеу дағдылары дамытылады.


Google Scholar


Article Details

How to Cite
Асқарбек, Н., & Сыдыкбаева, С. (2026). Химия сабағында зерттеушілік әдісті қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту. Scientific Collection «InterConf», (280), 23–27. Retrieved from https://archive.interconf.center/index.php/conference-proceeding/article/view/7421

References

Бадмаев Д. Б. Развитие исследовательских компетенций школьников в процессе изучения химии // Педагогика и наука. – 2023. – № 2. –

С. 45–52.

Васильева И. П., Кузнецова О. А. Методика преподавания химии: исследовательский подход. – М.: Просвещение, 2022. – 208 с.

Габриелян О. С. Химия: учебник для 8 класса. – М.: Дрофа, 2021. – 320 с.

Левин В. А. Экспериментальная деятельность в обучении химии. – СПб.: Лань, 2020. – 256 с.

Фурсова Е. В. Развитие исследовательской активности учащихся через проектную деятельность // Современная школа. – 2021. – № 5. –

С. 97–104.