БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУ

Main Article Content

Әйгерім Бердіқұл
Жанна Абдрасулова

Abstract

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау» делінген болатын [1-2]. Осыған орай қазіргі уақытта биология сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың жобалық және зерттеу қызметіне көбірек мән берілуде. Қазақстанда өсетін 6000 астам өсімдік түрінің 500-дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Алайда олардың тек 40%-ы ғана мектеп бағдарламасында қарастырылған. Табиғатты ұтымды пайдалану мәдениеті, жеке биологиялық объектілерді де, бүкіл организм жүйелерін де қорғау туралы берік білім қалыптастыру қажет. Бүгінгі таңда дәрілік өсімдіктерге деген қызығушылық күннен күнге артып отыр. Дәрілік өсімдіктердің ауруды емдеуде немесе алдын алу шаралары барысында химиялық препараттарға қарағанда тиімділігі жоғары және кері әсерлері сирек кездеседі. Осыған байланысты биологиялық білім беруде дәрілік өсімдіктерді зерттеп, нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады [3].


Google Scholar

Article Details


How to Cite
Бердіқұл, Ә., & Абдрасулова, Ж. (2022). БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУ. Scientific Collection «InterConf», (50), 96–99. Retrieved from https://archive.interconf.center/index.php/conference-proceeding/article/view/578

References

Қазақстан Республикасының «Білім» заңы.

Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам». //Егеменді Қазақстан. 10.07.2012. 3. «Фитофармкология» Е.М. Қорабаев., Н.А. Заманбеков., Ә. М. Өтенов., Алматы. 2014ж.

Бұзаубақова К.Ж. «Инновациялық технология» -Алматы, 2009.